Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мешіт жамағатынан команда жасақтап, аудандағы мекемелер арасында өтіп жатқан футзал лигасына қатысуда. Аптасына екі күн болатын 7 ойында мешіт командасы жақсы ойын көрсетіп, нәтижесінде 14 команда ішінен 14 ұпаймен 4 ші орынға жайғасты.
Дініміздің спортқа көңіл бөлуінің негізгі мақсаты — тән саулығын сақтай отырып, қуатты күш арқылы құлшылығын құлшынып жасауына және елдің іргесін жау шапқан жағдайда онымен қарсы күресе алатындай қайратты болу. Бір сөзбен айтқанда, мұсылман баласы әрдайым шыныға жүріп, кез келген жағдайға әзір екенін дәлелдеуі тиіс. Спорт деген осы екен деп адамға қажетсіз, әрі жеке немесе қоғамға едәуір зиян әкелетін ретсіз ойын түрлеріне дініміз тыйым сала отырып, қолдануына жол бермейді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

