Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық мешітінің имамы Марат Бидайбекұлы мешітке келген жамағатқа «діни жат ағымдардың қоғамға қаупі» тақырыбында уағыз-насихат жасады.
Ауыл имамы насихатында: «Қоғамда орын алған діни, саяси және әлеуметтік мәселелер мұсылмандардың ағымға бөлінуіне өзіндік әсерін тигізгені рас. Өкінішке орай, әр ғасырда түрлі атаулармен үлкенді-кішілі жаңа ағымдардың пайда болуы жиырмасыншы ғасырға дейін жалғасты. Әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болған бұл ағымдардың басым бөлігі тарих сахнасынан жойылғанымен біразы дүниенің төрт бұрышынан бүгінге дейін үгіт-насихаттарын жүргізіп келеді.
Ал жиырма бірінші ғасырда көбіне саяси мақсаттағы діни ағымдар жиі сөз болып жатқаны баршамызға мәлім. Дегенмен бұл ағымдар мен ұйымдардың басым бөлігінің негізі орта ғасырдағы ағымдардан бастау алады. Мәселен, тәкфир, уаһһабилік харижиліктен бастау алды, құраншылар мұғтазилиттерден бастау алды,- деп, ислам тарихына көз жүгіртіп, олардың шығу және жалғасу тарихын кеңінен баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

