Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының бастамасымен мешіт жастары апталық волейбол ойынына қатысты. Аптасына үш рет өткізілетін ойынға мешіт жастары тұрақты ат салысып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануда.
Бүгінгі заманымыздағы орын алған спорт түрлерінің көбісі пайғамбар заманында болған жоқ. Солай болса да, дініміздің әмірлерімен тыйымдарына қайшы келмесе, ондай спорт түрлерін қолдануға дініміз рұқсат береді. Демек, Ислам діні спортпен айналысуға қарсы емес, керісінше, оны барынша қолдай түседі. Мәселен, адам денсаулығына айтарлықтай зарар әкелетін бокс түрін дініміз құп көрмейді. Өйткені, мұндай ойынның соңы ми қыртысына зиян тигізе отырып, еш жазылмайтын бас ауруына шалдықтырады. Ал моральдік тұрғыдан қарасақ, қарсыласқа деген өшпенділік тудырып, қатыгездікке әкеліп соғады. Осылайша, адам спорт қуамын деп, адамгершіліктен айуандыққа қарай бет алғанын байқамай қалады. Бәрінен де қауіптісі — Аллаһтан аманаттап алған он екі мүшеге қиянат жасайды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

