Жуалы: Бас имам ауыл қарияларымен және округ әкімімен кездесу өткізді

Жуалы: Бас имам ауыл қарияларымен және округ әкімімен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Шыңбұлақ ауылдық «Шыңбұлақ» мешітіне  аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы арнайы барды. Бас имам ауыл қарияларымен және округ әкімімен кездесу өткізді.

 Мешітте бас имам «Жаназа» және қаралы үйдегі ас мәзірі төңірегінде насихат жүргізді. Қазалы үйге көңіл айтып келіп отырып, ол үйді сынауға, мінеуге ешкімнің қақысы жоқ және менің дүние мүлкім жетеді деп, елден ерекшеленіп аста төк қылып, қолындағы барын шашу да дұрыс емес. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Тәртіпке бағына отырып, жаназа рәсімдерін, шариғат шеңберінде, салт-дәстүрге сай ысырапшылыққа жол бермей, ҚМДБ-сы бекітіп берген тәртіпке сай атқаруды қалыптастыруымыз керек деп түйіндеді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: