Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде имамдар жиналысы өтті. Бас имам Есет Тұрдыбайұлы алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, діни-ағартушылық бағытты күшейту, жат ағымдардың алдын алу, қоғаммен байланыс және қайырымдылық шараларын жандандыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар бас имам Есет Тұрдыбайұлы әр округтегі ауыл имам молдадарға 2026 жылғы бағыттар бойынша жоспарды таныстырып, тапсырмаларды уақытында тапсыру керектігін атап өтті. Бас имам әр бағытқа жауапты имамдарды бекітіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

