Меркі ауданы: Рамазанға дайындық – рухани серпіліс бастауы

Меркі ауданы: Рамазанға дайындық – рухани серпіліс бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүніс молда мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Рамазанға дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар өтті. Тағылымды шараны ұстаз Бота Меңдібайқызы жүргізіп, қасиетті айға рухани әрі практикалық тұрғыда дайындалудың маңыздылығын кеңінен түсіндірді.

Семинар барысында Рамазан айын саналы түрде қарсы алу, ниетті дұрыстау, тәубе ету, уақытты тиімді жоспарлау және құлшылықты көбейту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел еркін форматта өтіп, әрбір жамағат мүшесінің ой білдіруіне мүмкіндік жасалды.

Ұстаз Бота Меңдібайқызы өз сөзінде Рамазан айының тек аш жүру емес, нәпсіні тәрбиелеу, жүректі тазарту, сабыр мен шүкірді арттыру айы екенін атап өтті. Сонымен қатар, әйел адамның отбасы берекесіндегі орны ерекше екені айтылып, ананың рухани дайындығы бүкіл шаңыраққа әсер ететіні жеткізілді.

Шара соңында жамағат алдағы қасиетті айды пайдалы әрі сауапты өткізуге ниет білдіріп, дұға жасалды. Мұндай рухани басқосулар иманды күшейтіп, бірлік пен бауырмалдықты арттыра түсетіні сөзсіз.

Меркі ауданы Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: