Меркі ауданына қарасты Ойтал ауылы жастарының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер, әдебиет сыншысы Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай көкпардан топтық жарыс өтті.
Игі шараның басты мақсаты – ұлттық спортты дәріптеу, жас ұрпақты салт-дәстүрге баулу және қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның еңбегін кеңінен насихаттау. Жарысқа бірнеше команда қатысып, тартысты әрі әсерлі ойын көрсетті.
Сайыс нәтижесінде
1 орын «Бірлік» тобы
2 орын «40+» тобы
3 орын «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболат бастаған «Қайран 25» тобы иеленді
Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен командалар мен шабандоздар қаржылай сыйақымен және медаль, алғыс хаттармен марапатталды.
Ұлттық спорт пен рухани құндылықты ұштастырған бұл көкпар додасы көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап, ел бірлігін нығайта түсті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

