Меркі: Рамазан – береке мен сауап айы

Меркі: Рамазан – береке мен сауап айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Меркі ата мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Рамазан – береке мен сауап айы» тақырыбында тағылымды сайыс ұйымдастырылды. Игі шараның мақсаты – жамағаттың Рамазан айына деген құрметін арттыру, діни білімдерін толықтыру және рухани дайындықтарын нығайту болды.

Сайысқа қатысушы әйелдер Рамазан айының ерекшеліктері, оразаның мәні мен маңызы, Құран және ислам әдебі туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Қатысушылар тек білімдерін сынап қана қоймай, бір-біріне қолдау білдіріп, бауырмалдық пен бірліктің жарқын үлгісін танытты.

Шара барысында ұстаз Медина Тілеубердиева Рамазан айының мұсылман өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, бұл ай – сабырды үйренетін, жүректі тазартатын, сауапты амалдарды көбейтетін мүмкіндік екенін әсерлі түрде жеткізді. Сонымен қатар, әрбір мұсылман әйел Рамазан айын тиімді өткізіп, өзіне де, отбасына да рухани пайда әкелуге ұмтылуы керектігі насихатталды.

Сайыс қорытындысында қатысушыларға алғыс білдіріліп, олардың Рамазан айына деген ынтасы мен ықыласы жоғары бағаланды. Мұндай рухани шаралар жамағаттың иманын күшейтіп, Құран мен құлшылыққа деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Алла Тағала баршамызға қасиетті Рамазан айын аман-есен қарсы алып, оны мол сауаппен өткізуді нәсіп етсін.

Меркі аудандық Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: