Меркі ауданында әйелдер жамағатына арналған «Рамазанға дайындық» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат семинары өтті. Кездесудің басты мақсаты – қасиетті айды тек күнтізбедегі уақыт емес, рухани жаңғыру кезеңі ретінде қарсы алудың маңызын түсіндіру болды.
Уағыз барысында Рамазан айының – сабыр, шүкір, тәубе және мейірім айы екені ерекше атап өтілді. Әйел – отбасының тірегі, ұрпақтың тәрбиешісі болғандықтан, оның рухани дайындығы тұтас шаңырақтың берекесіне әсер ететіні айтылды. Рамазанға дайындық ең алдымен жүректі тазартудан, ниетті дұрыстаудан басталатыны еске салынды.
Жиналған жамағат жүрекке жеткен насихаттан әсер алып, алдағы қасиетті айға үлкен жауапкершілікпен дайындалуға ниет білдірді. Кеш соңында Рамазан айын аман-есен қарсы алып, оны жемісті өткізуді нәсіп етуін тілеп, дұға жасалды.
Рамазан – тек аш жүру емес, нәпсіні тәрбиелеу, жүректі жұмсарту, иманды күшейту айы. Әрбір әйел осы айды рухани серпіліс пен ішкі тазару мүмкіндігі ретінде қабылдаса, оның берекесі бүкіл отбасыға тарайтыны сөзсіз.
Меркі аудандық Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

