Жамбыл ауданы, Аса ауылы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерге "Рамазан айы және отбасы" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Рамазан айы – отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ауызбіршілікті арттыруға және рухани жақындасуға арналған берекелі уақыт.
Ораза ұстау, бірге ауызашар жасау, садақа беру және туыстық қатынастарды жақсарту арқылы отбасында мейірімділік пен сүйіспеншілік атмосферасы қалыптасады, сонымен қатар бұл кезең балалардың тәрбиесіне, олардың қамқорлық пен қолдауды сезінуіне оң әсер етеді. Балаларға мейірімділік, сабырлық және қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді үйретіп, рухани тәрбиесіне үлес қосу керек.
Бірлескен ауызашар отбасы мүшелерін бір дастархан басына жинап, сыйластықты арттырады. Рамазан айында туыстармен арадағы байланысты үзбей, шайтанның азғыруына ермей, жақын адамдарға көмек көрсету маңызды болып табылады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

