Жамбыл ауданы, Аса ауылы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова жамағатқа "Құлшылыққа құлшындырар үш ай" туралы уағыз-насихат айтты. Біз көбіне қасиетті айлардың тағылымын ғана біліп жатамыз. Ал, ардақты пайғамбарымыз ұстанып, өзгеге үлгі-өнеге еткен бұл айдың да біздер үшін тағылымы мол екен.
Жалпы, біз әр күнімізді ғибратпен өткізуге машықтануымыз керек. Аллаға құлшылық жасау арқылы біз иманның терең сырларына қанығамыз. Сондықтан әр мұсылман бұл айлардың қадірін түсініп, оразасын ұстап, құранын оқып, дұға тілек жасап өткізсе дейміз. Себебі, біз осы тірлігімізде жинаған сауабымызбен ахиретте оның қызығын көретінімізді қаперден шығармауымыз керек.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

