ЖАМБЫЛ: "ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ " АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: "ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ " АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы,  Аса ауылы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерге "Ырыс алды - ынтымақ"  тақырыбында ашық сабақ өтті. Кім екеніміз емес, кіммен екеніміз маңызды. Яғни өзіміз нашар адам болсақ та, жақсылардың арасына қосылуымыз қажет. Қандай мәселе болса да ұжыммен ынтымақтаса әрекет етуде көп пайда бар. Хадисте:"Бірігуде, ынтымақта мейірім бар, бөлінуде азап бар" делінген.

Бірлік пен ынтымақтағы қоғам көбейген сайын мейірім де арта береді. Ашық сабаққа М. Өтеген ұстаз қатысты. Ашық сабақта тақырыпты ашатын мақал- мәтелдер мен викториналық сұрақтарға жауаптар айтылды. Ашық сабақтың мақсаты- жамағатта болудың, ынтымақтың маңыздылығын түсіндіру және шәкірттердің мешіт дәрістерінен қалмауы үшін ынталандыру.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: