Жамбыл ауданы, Аса ауылы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерімен бірге "Рамазанға дайындық" марафонын ұйымдастырып, қорытынды жиын өткізді.
Марафонның мақсаты - мешіт шәкірттерін ынталандырып, діни сауаттылығын арттыру, ізденуіне, өзіндік амал етуіне қолдау көрсетіп, көмектесу. Жиында мәреге жеткен жандарға сыйлықтар үлестіріп, оқ бойы озық шыққандарды марапаттады.
Апаларымыз тілек білдіріп, алғысын жаудырды. Жиын соңында кең дастарханда бас қосып, Рамазан айы жоспарланып, жамағатпен ауызашар жасайтын күндер белгіленді. Шағбан айы берекелі болып, аман- есен Рамазанға қауышуымыз нәсіп болсын!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

