Шу ауданына қарасты «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков қасиетті Рамазан айына рухани дайындық аясында жамағатпен арнайы әңгіме-сабақ өткізілді. Кездесу барысында ауыз бекітудің мәні мен дәстүрлі тарауих намазының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар тарауих таспиғына арналған баннер дайындалып, оның мағынасына терең үңіліп, жамағатпен бірге жаттап, зікір айтуға машықтану жұмыстары жүргізілді. Бұл игі амалдар арқылы жамағаттың Рамазан айы туралы таным-білімін арттыру көзделді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

