Белбасар ауылдық «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тілемісовтің ұйымдастыруымен жастар арасында футбол турнирі өтті. «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өткен бұл іс-шараның басты мақсаты – жас буынның денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Турнирге ауыл жастары белсенді қатысып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алды. Спорттық дода барысында қатысушылар ұйымшылдық пен әділ бәсекенің жарқын үлгісін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара соңында үздік ойын көрсеткен командалар марапатталып, жастарға ізгі тілектер айтылды. Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


21 Маусым 2026
5 Мухаррам 1448

