Шу ауданына қарасты барлық мешіттерде қасиетті Рамазан айына орай пәтуа сағаттары кең көлемде ұйымдастырылды. Құптан намазына жиналған жамағатқа дін қызметкерлері ораза ұстаудың терең мәні мен рухани қасиетін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүрді.
Тағылымды кездесулер барысында сабыр мен шүкіршілік, кешірім мен мейірім, тақуалық пен ізгілік секілді асыл құндылықтар кеңінен баяндалып, Рамазан айында тыйылу керек амалдарды тілге тиек етіп, жамағат қасиетті айды құрметпен қарсы алып, әр күнін сауапқа толы игі істермен өткізуге шақырылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

