Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың ұйымдастыруымен Төле би ауылында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларды қарау орталығына арнайы бару жүзеге асты.
Игі шара барысында бүлдіршіндерге Рамазан тәттілері таратылып, олардың жүздеріне шаттық сыйланды. Сонымен қатар орталықта қызмет атқарып жүрген мамандарға алғыс білдіріліп, қасиетті Рамазан айының рухани мәні мен тәрбиелік тағылымы жөнінде насихат айтылды.
Игі іс көпшілікке рухани қуаныш сыйлап, ізгілікке бастайтын өнегелі қадам болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

