#Шу: Қасиетті айға дайындық – ортақ жауапкершілік

#Шу: Қасиетті айға дайындық – ортақ жауапкершілік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы барлық мешіттерде алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары жүргізілді. Аудан мешіттерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық пен тәртіпке ерекше мән берілді.

Сенбілік барысында мешіт аумақтары қардан тазартылып, дәретханалардың санитарлық жағдайы ретке келтірілді. Сонымен қатар дыбыс күшейткіш құрылғылар тексеріліп, автотұрақ орындары реттелді. Бұл жұмыстардың барлығы жамағаттың құлшылықты жайлы әрі қауіпсіз жағдайда атқаруына мүмкіндік жасау мақсатында жүзеге асырылды.

Ұйымдастырылған игі шаралар – қасиетті айды лайықты қарсы алуға деген құрметтің көрінісі. Халыққа қолайлы жағдай жасап, мешіттердің тазалығы мен тәртібін сақтау – баршаға ортақ міндет екені тағы бір мәрте айқындалды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: