#Мойынқұм: Ауған соғысының батырларына Құран бағышталды

#Мойынқұм: Ауған соғысының батырларына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай ел есінде мәңгі сақталған ержүрек боздақтарды еске алу шарасы өтті. Осы атаулы күнге байланысты Ауған соғысында қаза болған жерлестеріміз – Әбітайұлы Қайрат пен Әмірақұлұлы Шәкірдің рухына тағзым жасалып, арнайы зират басына барып Құран бағышталды.

Тағзым рәсімінде жиналған қауым батырлардың ел үшін жасаған ерлігі мен олардың өнегелі өмір жолын еске алып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындырудың маңызын атап өтті. Рухани шара барысында «Рәтқұл ата» мешітінің молдасы Алихан Жайлаубеков уағыз-насихат айтып, ерлік пен отансүйгіштік – әрбір азаматтың жүрегінде сақталуы тиіс қасиет екенін жеткізді.

Бұл күн – тек өткенді еске алу ғана емес, тәуелсіз елдің тыныштығы үшін жанын қиған азаматтарға деген құрметтің белгісі. Батырлардың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталып, олардың ерлігі жас ұрпаққа үлгі бола бермек.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: