Шығанақ ауылының имамы жамағатқа алдағы қасиетті Рамазан айының маңызы туралы тағылымды уағыз жүргізді. Уағыз барысында қасиетті айдың мұсылман өміріндегі орны, ораза ұстаудың сауабы мен адам баласын сабыр мен тақуалыққа тәрбиелейтін рухани мәні кеңінен түсіндірілді.
Күндердің сұлтаны жұма намаз уақытында имам өз сөзінде Рамазан – тек аш жүру емес, нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазартатын, жақсылық пен мейірімге үндейтін ерекше уақыт екенін атап өтті. Бұл айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылатыны, мұқтаж жандарға қол ұшын беру мен кешірімшіл болудың маңызы айтылды.
Жамағат қасиетті айды лайықты қарсы алып, оразаны шынайы ықыласпен ұстауға шақырылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

