#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының орталық «Мойынқұм» мешітінде бас имам Ержан Көшкімбай пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудың терең мәні мен рухани құдіреті кеңінен түсіндіріліп, оның мұсылман баласына парыз екені атап өтілді.

Имам өз сөзіңде «Рамазан – берекесі мол, кешірімі шексіз, мүміннің рухани кемелденуіне жол ашатын қасиетті ай. Бұл айды ықыласпен өткізіп, құлшылық пен ізгі амалдарды көбейткен жан Жаратушының разылығына жақындай түседі.» - деді.

Жамағатқа сабыр, тақуалық және ізгі амалдардың маңызын жеткізген тағылымды дәріс көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: