Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінің имамы Құлтаев Арсен жұма күні жамағатқа қасиетті Рамазан айының маңызы туралы тағылымды уағыз айтылды.
Уағыз барысында Рамазанның – рухани тазару, сабыр мен шүкіршілікке тәрбиелейтін, адалдық пен ізгілікке бастайтын қасиетті ай екені кеңінен түсіндірілді.
Имандылыққа үндеген бұл жиын жамағаттың жүрегіне жылулық сыйлап, алдағы Рамазан айын үлкен жауапкершілікпен қарсы алуға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

