#Мойынқұм: «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы қоғам қызметкерлерімен кездесу өткізді

#Мойынқұм: «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы қоғам қызметкерлерімен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлы ауылдың қоғамдық кеңес ұжымымен арнайы кездесу өткізді.

Жиын барысында алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын және мешітке қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Сонымен қоса «Ислам және адал қоғам» бағытының мазмұны кеңінен түсіндіріліп, қоғамда әділдік, тазалық, жауапкершілік пен өзара құрметті қалыптастырудың маңызы айтылды.

Тағылымды басқосу жамағатты бірлікке үндеп, рухани жаңғыруға серпін берді. Саясат қызметкерлері дін маманына алғыстарын білдірді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: