#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде жұма уағызы өтті

#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде жұма уағызы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік ауылы «Бірлік» мешітінің имамы жамағатпен кездесу барысында жас отбасындағы адалдық пен жауапкершілік тақырыбында тағылымды насихат айтты. Кездесу кезінде отбасының берік болуы – ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сенімі, сыйластығы мен шынайы жауапкершілігіне байланысты екені кеңінен түсіндірілді.

Имам өз сөзінде отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтіп, жас жұбайларды сабырлы болуға, өзара түсіністік пен кешірімге ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар ата-ана болудың аманат екені, бала тәрбиесінде мейірім мен дұрыс үлгінің маңызы ерекше екені айтылды.

Жұма намазға келген жамағат өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Шара соңында имамға алғыстарын жеткізіп, намазда сап түзеді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: