#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің имамы Омаров Ерғали мәдени шараға қатысып, «Адал қоғам» тақырыбында сөз сөйледі.

 Ерғали имам насихатында: «Исламдағы ең басты ұғымдардың бірі – тақуалық пен адалдық. Қасиетті Құранда: «Алла әділдікті, игілікті және туыстарға жақсылық жасауды бұйырады» (Нахл сүресі, 90-аят) деп айтылған. Бұл аят адал қоғамның негізі – әділдік пен ізгілік екенін айқын көрсетеді. Ислам адамды тек жеке құлшылыққа ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілікке де тәрбиелейді.

Адал қоғамның басты тірегі – адал еңбек пен таза табыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Адал табыстан жеген ас – ең қайырлы ас» деген. Бұл хадис қоғамда жемқорлыққа, алдау мен қиянатқа жол бермеудің маңызын көрсетеді. Исламда біреудің ақысын жеу, өтірік айту, аманатқа қиянат жасау ауыр күнә саналады,- деп, толықтай баяндап өтті.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: