#Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы мәдениет үйінде жастармен кездесіп, «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында уағыз айтты.

Ауыл имамы: «Қазіргі заманда жасанды интеллект күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып келеді. Бұл технология білім беру, медицина, өндіріс сияқты салаларда кеңінен қолданылады. Жасанды интеллектің дамуы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бірақ, бұл өзгерістердің оң және теріс жақтары қатар жүреді. Сондықтан, жасанды интеллект жастар үшін жаңа мүмкіндік пе әлде қауіп пе деген сұрақ жиі талқыланады.

Жасанды интеллектің артықшылықтарын қарастыратын болсақ, ең алдымен білім беру саласындағы көмегі көзге түседі. Онлайн платформалар мен оқу жүйелері арқылы жастар өз бетімен білім ала алады. Бұл жастардың оқу үдерісін жеңілдетіп, өз білімін тереңдетуіне жол ашады,- деп, кеңінен қозғады.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: