Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жауғаш батыр ауылдық мешітінің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.
Ауылдық мешітте қызмет атқарып жүрген Қосаев Мұрат имам мешітті таныстырып, жоспарымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Азамат Берікұлы мешітте тұрған әдебиеттерді зерделеп, бейнебақылау камераларының жұмысын тексеріп, ауыл имамына бірқатар тапсырмалар берді. Аудан имамы ауыл имамының қызметін абыроймен алып жүруіне тілек білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

