Меркі: Жамағатқа «Дұға етудің әдебі» турасында тағылымды насихат айтылды

Меркі: Жамағатқа «Дұға етудің әдебі» турасында тағылымды насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарасу ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат жамағатқа «Дұға етудің әдебі» турасында уағыз айтты. Насихат барысында дұғаның мұсылман адамның өміріндегі орны ерекше екені айтылып, оның қабыл болуы үшін сақталуы тиіс әдептері кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда, дұғаны  шынайы ықыласпен, таза ниетпен, Аллаға мадақ айтып, Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдаудан  бастау және көркем әдеппен жасау керектігі ескертілді

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: