Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Жауғаш батыр ауылына барып, мешітке жиналған жамағатымен кездесіп насихат айтты.
Насихат барысында Азамат Берікұлы имам ислам дініндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару екеніне тоқталып, бұл әрбір мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті. Жақсылыққа шақыру – тек сөзбен емес, көркем мінез, үлгі-өнеге, сабыр мен мейірім арқылы жүзеге асатынын жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



17 Қыркүйек 2026
4 Раби-сани 1448

