Меркі: Бас имам шипажайда ем алып жатқан имамдарды зиярат етіп қайтты

Меркі: Бас имам шипажайда ем алып жатқан имамдарды зиярат етіп қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімде Алла Тағала:«Жақсылық пен тақуалықта бір-бірлеріңе жәрдемдесіңдер» - деп бұйырады. Сондай-ақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Үлкендерімізге құрмет көрсетпеген, кішілерімізге мейірім танытпаған бізден емес – деген.

Ардагер имамдарға құрмет көрсетіліп зейнетке шыққан екі имам Токушбеков Серікхан және Омаралиев Қуанышбайға мешіт ұжымы атынан Меркі шипажайына жолдама сыйланған еді.

Сол шипажайда ем қабылдап жатқан имамдарды Аудан бас имамы Азамат Берікұлы және бірқатар имамдар зиярат етіп, хал-жағдайын сұрап, оларға құрмет көрсетті. Бас имам ақсақал имамдарға жылы лебізін білдіріп, жақсы демалуларына тілектестік танытып, дұға жасады. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді насихаттайтын ізгі дәстүрдің көрінісі.

Осындай зияраттар ардагер имамдардың рухын көтеріп, дін қызметкерлері арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты нығайта түсетіні сөзсіз. Алла Тағала  имамдарға ұзақ ғұмыр нәсіп етсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: