Меркі: Мешітте Құран дәрісі жүргізілуде

Меркі: Мешітте Құран дәрісі жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарасу ауылдық мешітінде шәкірттер мен жамағатқа Құран Кәрімді дұрыс оқудың, тәжуид ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілуде. Мешіт имамы Абдуманап Дулат шәкірттерге әріптерді дұрыс айту, дыбыстау, сөздерді мәнерлеп оқу сияқты дағдыларды үйретіп, Құран оқуды терең меңгеруге баулуда.

Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адамдар Алланың үйлерінің біріне жиналып, Алланың кітабын оқыса және бәрі бірге үйренсе, оларға тыныштық түседі (жүректерін тыныштық баурайды), оларды мейірім қаптап, жан-жағынан періштелер қоршап алады және Алла Тағала оларды періштелердің ішінде еске алады», – деген 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: