Меркі: Шәкірттер арасында «Білім – таусылмас қазына» атты білім сайысы өтті

Меркі: Шәкірттер арасында «Білім – таусылмас қазына» атты білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттерінң арасында «Білім – таусылмас қазына»  атты білім сайысы өтті.

Бұл білім сайысының мақсаты – шәкірттердің діни танымдық  ой-өрісін кеңейту, білім алуға баулу. Сайыс барысында  Құран, сира, пайғамбарлар өмірі, исламдағы 40 парыз және жалпы танымдық бағыттағы сұрақтар қойылып шәкірттердің білімдері шыңдалды.

Алла Тағала Құран Кәрімде:«Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зумар сүресі, 9-аят) – деп, білім иелерінің дәрежесінің жоғары екенін баяндайды. Сондай-ақ тағы бір аятта: «Алла сендердің араларыңдағы иман келтіргендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді»  (Мүжәдәлә сүресі, 11-аят) делінген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» – деп, білім ізденудің мұсылман адам үшін міндет екенін айтқан. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім білім іздеп жолға шықса, Алла тағала оның жәннатқа барар жолын жеңіл етеді» делінген.

Игі шара соңында  шәкірттерге қаржылай сыйақы табысталып дастархан жайылды. Осы берекелі шараға қолдау көрсеткен «Салям» қайырымдылық қорына және мешіт жанашырларына Алла разы болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата «мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: