Меркі ауданы: «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Меркі ауданы: «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан бас имамы Азамат Берікұлы «Сыпатай Әлібекұлы» мешітін арнайы зиярат етіп, мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Мешіт имамы бас имамға атқарылған шаруалар туралы баяндап, жоспарларымен бөлісті.Бас имам өз кезегінде мешіттің іші-сыртын аралап, атқарылған жұмыстардың жайын байқады.

Қазіргі таңда мешіттің іші мен сырты толықтай жаңартылып, шатыры мен күмбезі  қайта жөнделуде. Сонымен қатар, жамағаттың құлшылықты жайлы жағдайда атқаруы үшін мешітке жылы еден (теплый пол) жүйесі орнатылуда. Бұл жұмыстар мешіттің көркін арттырып қана қоймай, қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Игі істің жүзеге асуына мешіт имамы, жамағат, ауыл тұрғындары және демеуші азаматтар атсалысуда. Мұндай қайырлы іске үлес қосу – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады» - деген

Алла Тағала атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын қабыл алып, мешітімізді иман мен бірліктің, құлшылық пен тәрбие ордасы ете берсін.

Алла Тағала мешіттің құрылыс жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: