#Мойынқұм: «Шопан ата» мешітінде балаларға «Муаллим сани» сабағы өтілуде

#Мойынқұм: «Шопан ата» мешітінде балаларға «Муаллим сани» сабағы өтілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көкжелек ауылының «Шопан ата» мешітінде өскелең ұрпақтың діни сауатын арттыру мақсатында балаларға арналған «Муаллим сани» сабағы ұйымдастырылды. Сабақты мешіт имамы жүргізіп, шәкірттерге имандылық негіздері, Құран Кәрімді оқу, дыбысты дұрыс шығару жұмыстарын жүргізуде.

Дәріс барысында балалар Құран әліппесін оқу, дұғаларды жаттау және ислам әдебі туралы мағлұмат алды. Мешіт қабырғасында өтіп жатқан мұндай тағылымды сабақтар ауыл балаларының рухани тәрбиесін нығайтып, имандылыққа баулуға өз үлесін қосуда.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: