Мойынқұм аудандық мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа арналған пәтуа сабағын өткізді. Дәрісте келе жатқан қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен рухани маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Сабақ барысында оразаның түрлері, оны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, сондай-ақ шариғаттағы тиісті пәтуалар кеңінен баяндалды. Бұдан бөлек, пітір садақасының қоғамдағы берекесі мен пайдасы туралы да нақты мәліметтер берілді.
Наиб имам жамағатты қасиетті айды лайықты қарсы алып, құлшылықты арттыруға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды. Мұндай тағылымды кездесулер мешіт жамағатының діни білімін арттырып, Рамазан айына рухани дайындықты күшейте түсуде.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

