Мойынқұм ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағатын жүргізді. Кездесу барысында «Мүлікті банк арқылы сату» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, шариғат тұрғысындағы үкімдер мен талаптар баяндалды.
Бас имам банк жүйесімен байланысты сауда-саттықтың рұқсат етілетін және тыйым салынатын тұстарына тоқталып, адал табыс табудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерге қатысты нақты түсіндірмелер берді.
Тағылымды пәтуа сағаты жамағаттың діни сауатын арттырып, шариғат талаптарына сай өмір сүруге бағыт-бағдар беруге ықпал етті. Жамағат алғыстарын білдіріп, намазда сап түзеді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

