#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарабөгет ауылы «Қарабөгет» мешітінің имамы жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында «Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сату» тақырыбы қаралып, шариғат тұрғысындағы үкімдер мен талаптар жан-жақты түсіндірілді.

Имам мұндай сауда түрінің рұқсат етілетін шарттары мен сақталуы тиіс қағидаларына тоқталып, адал мәміле жасаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерге қатысты нақты түсіндірмелер ұсынды.

Тағылымды пәтуа сағаты жамағаттың діни білімін арттырып, шариғат талаптарына сай сауда-саттық жүргізудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: