Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар мешіттен тыс жерде жұма намазын оқуға бола ма деген діни мәселеға аударылды.
Имам қатысушыларға дін тұрғысынан кеңестер беріп, мешіттен тыс жерде жұма намазын оқудың шарттары мен оның дұрыс ұйымдастырылу жолдарын түсіндірді. Жамағат мүшелері сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Пәтуа сағаты қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға және жамағаттың күнделікті өмірінде дін ережелерін дұрыс ұстануына бағытталған маңызды іс-шара болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

