Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің наиб имамы Ұзақов Азаматтың бастамасымен аудан көлемінде футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс Қаратау техникалық-гуманитарлық колледжінің спорт залында өтті. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында достық пен ынтымақты нығайту, «жарысса – достық жарыссын» қағидасын қалыптастыру болды.
Нәтижесінде: І орын – Жастар құрамасы ІІ орын – «Байтоқты баба» мешітінің командасы ІІІ орын – «Намыс» құрамасы иеленді. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

