"Жаңабай сопы" мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали мешітке келуші жастарды имандылыққа, көркем мінезге, әдеп пен ізгілікке тәрбиелеу бағытында тұрақты түрде насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе, ғибадаттың төресі саналатын намаздың маңызын жастарға жан-жақты түсіндіруді басты назарда ұстайды.
Бүгін де мешітке бес уақыт намаз оқуға ниет етіп келген Сұлтан есімді жас жігітке имам намазды дұрыс орындау тәртібін, оның парыздары мен сүннеттерін толық әрі түсінікті түрде көрсетіп, намаздың адам өміріндегі орны мен қадір-қасиеті жайында тағылымды әңгіме айтты. Мұндай игі істер жастардың рухани тәрбиесін нығайтып, имандылық жолына бет бұруына үлкен үлес қосады деп үміттенеміз.
"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

