Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет мешітімізде күнделікті жастарға арналған тағылымды дәрістер өтіп келеді. Бүгін де мешітке келген ауыл жастарына намаздың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Имам жастарға намаздың мұсылманның миғражы екендігін атап өтіп, оның рухани өмірдегі орнына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар намаздың парыздары мен сүннеттерін кеңінен түсіндіріп, арнайы дұғалар мен Құран сүрелерін үйретті. Дәріс барысында жастар ғибадаттың мәні мен маңызы жайлы мағлұмат алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

