"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы Аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінде жамағатпен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында имам уақып ұғымының маңызы мен оның қоғамдағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ уақыптың сауапты іс екендігі, оның мұсылман қоғамының дамуына қосатын үлесі жөнінде жан-жақты баяндады.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, игі бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды. Мұндай тағылымды кездесулер халықтың діни сауатын арттырып, ортақ игілікке үндейтіні атап өтілді.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

