Талас: Дін мен дәстүр сабақтастығы - рухани негіз

Талас: Дін мен дәстүр сабақтастығы - рухани негіз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызыләуіт ауылы "Жаңабай сопы" мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізіп, дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында имам қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының өзара үндестігіне тоқталып, ұлттық болмыс пен рухани тәрбиенің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ жастарға үлгі боларлық тағылымды әңгімелер айтылып, қоғам бірлігі мен ынтымағын сақтау мәселелері қозғалды. Жиын соңында ақсақалдар ой-пікірлерін білдіріп, рухани бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын қолдайтындарын жеткізді. Мұндай кездесулер ұрпақ тәрбиесінде дін мен дәстүрдің сабақтастығын нығайтуға сеп болмақ.

"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: