Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурза ауылымызда өткен құдайы аста тағылымды уағыз айтып, жиналған көпшілікке насихат сөз сөйледі. Имам өз баяндамасында шариғатымыздағы ас беру тәртібіне тоқталып, ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.
Ас беру мәдениеті – шариғат талабы. Сондай-ақ рәсуа жасамау, дастарқан басында көркем мінез танытып, жақсы сөз сөйлеу, бос әңгімеден аулақ болу керектігін түсіндірді. Жиналған қауым имамның насихатын ықыласпен тыңдап, рухани тұрғыда пайдалы мағлұмат алды. Мұндай уағыз-насихаттар қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

