Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінде жамағатпен кездесу ұйымдастырылды. Мешіт имамы Асанов Хеурза мешітке жиналған қауымға жат ағымдардың зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Таблиғи жамағаты» діни ағымы туралы ақпарат беріліп, оның ұстанымдары мен ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Имам дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, күмәнді діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар жамағатқа діни мәселелерде сенімді дереккөздерге жүгіну, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдарын басшылыққа алу қажеттігі ескертілді.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

