Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет мешіттегі дін мен дәстүр бұрышында «Дін мен дәстүр» кітабының 3 томын таныстырып, оның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.
Бақдәулет имам кітаптың негізгі тақырыптары мен тәрбиелік мәнін түсіндіріп, оқырмандарға рухани білім алуға, дәстүр мен дінді үйлесімді ұстануға бағыт берді. Кітапта қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, отбасы мен қоғамдағы ізгілік жолдары, жас ұрпаққа берілетін рухани тәрбие тақырыптары қамтылған.
Таныстыру барысында мешітке келген жамағат кітаптың мазмұнымен танысып, өз сұрақтарын қойып, имамнан кеңес алды. Кездесу барысында кітаптың жастар мен ересектерге рухани бағдар беретіндігі, қоғамдағы ізгілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетіндігі атап өтілді. Мұндай шаралар мешіттің рухани және мәдени өміріндегі маңызды бастамалардың бірі болып, жамағаттың дін мен дәстүрге деген қызығушылығын арттырады.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

