Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен ауылымыздың бір ақсақалының үйінде игілермен бас қосып, дін мен дәстүрге сәйкес емес кейбір әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәурен имам жаназа рәсімдерінде тиын шашу, шапан тарату сияқты шариғатқа сай келмейтін амалдардың зиянына тоқталып, құдайы тамақтар мен ауылдық жиындардағы тойдағыдай сөз сөйлеу, ысырапшыл дастархан жасау мәселелеріне назар аудартты.
Сонымен қатар, мұндай әрекеттерден қалай аулақ болуға болатыны жөнінде нақты кеңестер берді. Абатов Дәурен шара барысында қарияларға да жиындарда халыққа дұрыс тәртіп пен шариғатқа сай амалдарды жиі ескертіп, насихаттап жүруді тапсырды.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

