Талас: Салафилік діни ағымының елге тигізген зардабы туралы түсіндіру өтті

Талас: Салафилік діни ағымының елге тигізген зардабы туралы түсіндіру өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен мешіт жамағатына салафилік діни ағымы мен оның елге тигізген зардабы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәурен имам түсіндіргендей, тәуелсіздік алған 90-жылдардан бастап кейбір жат ағымдар қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын жоққа шығарып, оны күпірлікпен айыптап, талай отбасылардың зарлануына себеп болған. Олар ата-ананың тамағын арам деп санап, намаз оқымағандарды кәпір деп айыптап, ұйыған қазақ қоғамына іріткі мен бөлінушілікті әкелген.

Абатов Дәурен мешіт жамағатына дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау, сенімді дереккөздерге сүйену және жастарды жат ағымның ықпалынан қорғау қажеттілігін жеткізді. Сонымен қатар, мұндай түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізудің қоғам бірлігі мен рухани тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын атап өтті.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: