ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНА ІС САПАРМЕН БАРДЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНА ІС САПАРМЕН БАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Меркі ауданына іс сапармен барды. Сапар барысында бас имам «Софья Ана» мешітінің аумағын аралап, ерлер және әйелдер дәретханаларының жай-күйін, мешіт ауласының тазалығы мен қызмет көрсету деңгейін зерделеді.

Кездесу барысында жамағатқа мешіт құрылысына өмірінің қысқа ғұмырын арнаған Сұлтан ағамыздың еңбегі тағылым ретінде айтылып, мешіт алдында орнатылған хадис жазулы тасқа ерекше мән берілді. Бұл игі іс ел ішінде сауапты амалдардың жалғаса беретінінің көрінісі екені атап өтілді.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әжелер мектебінің өнегесін жаңғырту — рухани тұтастықтың берік негізі екені тағы да айқындалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: