МЕРКІ АУДАНЫНДА «СОФЬЯ АНА» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

МЕРКІ АУДАНЫНДА «СОФЬЯ АНА» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Жеміс-Жидек ауылында «Софья Ана» мешітінің салтанатты ашылуы өтті. Рухани шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар, дін қызметкерлері мен қонақтар қатысып, жаңа мешіттің ел игілігіне берілуіне куә болды.

Ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатқа бата берді. Бас имам мешіттің ашылуы — ауылдың рухани өміріндегі маңызды белес екенін атап өтіп, көпшілікті бірлік пен ізгілікке үндеді.

Салтанатты жиында мешіт құрылысына үлес қосқан азаматтарға алғыс айтылып, арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар «Софья Ана» мешітінің имамы болып Жанықұлов Нұрбек тағайындалып, жамағатқа таныстырылды. Ауыл ақсақалдары мен құрметті қонақтар ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа мешіттің ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Шара барысында мешіт лентасы салтанатты түрде қиылып, қасиетті Қағба жамылғысы — кисуа мешітке тарту етілді. Жұма уағызы айтылып, жамағат жұма намазын оқыды. Кейін қонақтарға арнап ас берілді.

Жаңа мешіт — елдің рухани тірегін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, әжелер мектебінің өнегесін жалғайтын қасиетті орын болмақ.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: